Өскемендегі MaxiMall сауда-ойын-сауық орталығы қандай болады

Құрылыс
16:56 13 қыркүйек 2023

Екі қабатты сауда-ойын-сауық кешенінің құрылысы қаланың сол жағалауында Қ.Сәтпаев даңғылының бойында жүргізілуде.

Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің деректері бойынша ғимараттың жалпы ауданы 140 мың шаршы метрді құрайды. Оның құрылысы екі кезеңнен тұрады. Жоба бойынша кешенді 2024 жылдың қыркүйегінде ашу жоспарлануда, жұмыстың екінші кезеңі 2028 жылға жоспарланған. Кешен иесінің ойынша, көпфункционалды кешен ШҚО-дағы ең ірі кешендердің біріне айналуы және күніне 25 мыңға жуық келушілерді қабылдауы тиіс. Онда 160 жалға алушы, 15 фаст-фуд және бес мейрамхана, алты залы бар кинотеатр, 1900 көлікке арналған тұрақ болады. Аумағында балаларға арналған орындар, коньки паркі, спорт алаңдары, оның ішінде баскетбол және волейбол алаңдары, демалыс аймақтары мен құрғақ субұрқақ кіретін қалалық ойын-сауық саябағын жабдықтау жоспарлануда.

Жылдың салқын мезгілінде саябақта қысқы қалашық пен мұз айдыны жабдықталады. Демалыс аймағының ауданы екі гектарды құрайды. Иелерінің ойынша, ол облыс орталығының туристік тартымдылығына айналуы тиіс. Екінші кезеңде 18 қабаттан тұратын бес жұлдызды қонақ үй кешені мен "А" класты бизнес-орталықтың құрылысы жоспарлануда.

Ағымдағы жылдың тамыз айының басындағы жағдай бойынша жаңа кешен металл конструкцияларын салу 90 пайызға аяқталдып, сэндвич-панельдерді монтаждау жұмыстары басталады.